Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті

3056

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.

Мемлекеттер басшыларының ресми кездесу рәсімінен соң шағын құрамдағы келіссөздер жүргізілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын қабыл алғаны үшін Сооронбай Жээнбековке ризашылық білдіріп, Қырғыз Республикасы Президентінің алғашқы сапары екі ел арасында орныққан дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.

Қазақстан басшысы Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынастарының тарихи тұрғыдан достық сипаты бар екенін айтты.

Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға ресми сапармен келуге мүмкіндік туғызғаны үшін және өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін алғыс айтты.

Мемлекеттер басшылары кездесу соңында бүгінгі келіссөздер мен олардың қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы