Жаңалықтар

Академия басшысы Қытай журналистерін қабылдады

845

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі бүгін Астанада Қытай Халық Республикасының журналистерін қабылдады.

Қытай халықаралық радиосының Қазақстандағы басшысы Ван Дэлун мен «Жэньминь жибао» газетінің шеф-редакторы Чжоу Ханьбо Академия басшысынан сұхбат алды.

Академияға алғаш келген қытай журналистері ұйымның құрылу тарихы мен атқаратын қызметі жөнінде сауалдар қойды.


Академияның мақсат-миссиясымен таныстырған Д.Қыдырәлі меймандарды ғылыми орда атқарған іргелі жобалар мен келешек жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар, TWESCO-ның халықаралық байланыстары жөнінде баяндап берді. Академияның Қытайдың ғылыми академиялық мекемелерімен және зерттеуші-ғалымдарымен орнатқан байланыстар туралы да әңгімеледі.

Қонақтар Академия қызметіне, түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениетіне зор қызығушылық танытты, Түркі музейін аралап көрді.


Емен-жарқын өрбіген сұхбат соңында Д.Қыдырәлі журналистерге Академия басып шығарған ғылыми басылымдарды тарту етті.


Айта кету керек, Түркі академиясының делегациясы 2016 жылы Қытай Халық Республикасының Қоғамдық ғылымдар академиясының арнайы шақыруымен Пекин қаласында болып, аталған академиямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Сондай-ақ, 2016 жылы Астанада TWESCO ҚХР Синьзян университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітті.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук