Жаңалықтар

Экспедиция мүшелері Ұлытау жұртымен кездесті (Фото)

1259

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) ұйымдастырған  «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты ІІІ халықаралық экспедициясы аясында Ұлытауда жергілікті халықпен кең көлемді кездесу өтті.


Ұлытау өңірінің зиялы қауым өкілдері мен халықаралық экспедиция мүшелері қатысқан келелі жиынды Академия басшысы Дархан Қыдырәлі алғы сөзімен ашты.


Ол аталған экспедицияның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген қастерлі жерлер мен тарихи сананы жаңғыртуды мақсат тұтатынын айтты. Сонымен бірге, 15-ші тамызда Моңғолияда, Шыңғыс ханның туған жері Бурхан Халдун аймағында басталған экспедицияның алғашқы кезеңі жайлы да кеңінен әңгімеледі. Академияның Моңғолиядағы көне түркі ескерткіштерінде жүргізген қазба жұмыстары туралы да баяндады.


Бұдан кейін экспедиция мүшелері философия ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым Дархан Жазықбаев, «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали, Моңғолия Ұлттық музейі директорының орынбасары Баярсахин Жамсранжав, Ресей Федерациясы Жоғарғы кеңесі Ар-ұждан еркіндігі, дін ұстану, мейірімділік пен қайырымдылық бойынша комитет төрағасының орынбасары Мурад Заргишиев пен Ахи Евран университетінің доценті, түркиялық «GazeteVatan» газетінің сарапшысы Күршад Зорлу сөз сөйледі. Олар мұндай халықаралық экспедициялар ғылымды дамытып, халықтар достығы мен ынтымақтастығына оң әсер ететінін айтты.


Жиыннан кейін экспедиция құрамы Ұлытау музейін аралап көріп, Хан ордасы ескерткішіне барды.

Айта кету керек, 15-ші тамызда Моңғолияда басталып, 15-ші қыркүйекте Қазақстандағы Ұлытауда түйінделген халықаралық экспедицияның қорытындыларын TWESCO 18-ші қыркүйек күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылатын арнайы жиында көпшілікке ұсынады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук