Жаңалықтар

TWESCO басшысы Жапонияда Түркия елшісімен кездесті

855

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасының Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ахмет Бюлент Меричпен кездесті.

Жапония астанасы Токиода өткен кездесуде Д.Қыдырәлі Академияның мақсат-миссиясымен жан-жақты таныстырды. Халықаралық байланыстарымен, оның ішінде Түркияның мемлекеттік және іргелі ғылым ордаларымен арадағы ынтымақтастық жөнінде кеңінен әңгімеледі. Сонымен бірге, ұйымның болашақтағы халықаралық жобаларынан хабардар етті.

Өз кезегінде елші мырза Академияның жұмысына оң бағасын берді. Түркі дүниесінің ғылыми интеграциясын нығайту жолындағы қызметіне тілектестік білдірді.

Екіжақты кездесу соңында Д.Қыдырәлі А.Б.Мерич мырзаға Академия басып шығарған құнды басылымдарды сыйға тартты.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы