Жаңалықтар

TWESCO басшысы Қазақстанның Жапониядағы өкілімен кездесті

678

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Токиода Қазақстанның Жапониядағы Уақытша сенімді өкілі Ерғалым Нұрсәлімұлымен кездесті.

Екіжақты кездесуде Д.Қыдырәлі Академияның жұмысымен жан-жақты таныстырып, келешек жоспарлардан хабардар етті.

Қазақстанның сенімді өкілі Е.Нұрсәлімұлы TWESCO-ның қызметіне ризашылығын білдіріп, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Кездесу соңында Д.Қыдырәлі дипломатқа Академия әзірлеп шығарған кітаптарды тарту етті.

Айта кету керек, кездесу Академия деллегациясының Жапонияға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы