Жаңалықтар

Академия басшысы Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президентімен кездесті

1314

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гүнай Эфендиева ханым мен Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов мырзамен кездесті.

Академия басшысы қонақтарды ұйымның қызметінен, жүзеге асырылған жобалар, сондай-ақ келешек жоспарлардан хабардар етті. 


Елу мыңнан астам кітап қоры бар Түркі кітапханасымен және Түркі музейімен таныстырды. 



Сондай-ақ, меймандарға Түркі академиясы басып шығарған ғылыми еңбектерді тарту етті.


TWESCO жұмысына қызығушылық танытқан Г.Эфендиева ханым Өз кезегінде түркітілдес халықтардың рухани мұрасын дамыту бағытында өзара қарым-қатынастарды тереңдетуге ниет білдірді.


Екіжақты ықпалдастық мәселелері талқыланған кездесу нәтижесінде тараптар мәдени-гуманитарлық салаларда бірлескен ортақ жобалар жүргізу туралы уағдаласты.


Айта кету керек, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры 2009 жылы Әзербайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес елдердің мемлекет басшыларының ІХ Саммитінің шешіміне сәйкес 2015 жылы құрылған халықаралық ұйым. Штаб-пәтері Баку қаласында орналасқан Қордың негізгі мақсаты: түркі мәдениеті мен мұрасын қорғау, зерттеу және дамыту. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы