Жаңалықтар

TWESCO президенті «Астана» ХҚҚ басшысымен кездесті

1585

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі «Астана» халықаралық қаржы қорының басшысы Қайрат Келімбетов мырзамен кездесті.

Кездесуге, сондай-ақ Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов қатысты.

Басқосуда TWESCO басшысы ұйымның қызметі жайлы әңгімелеп, келешек жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар, тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Д.Қыдырәлі Қ.Келімбетовке Академияның ірі ғылыми жобасы аясында жарық көрген «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» атты төрт томдық еңбекті сыйға тартты.

book_in.jpg


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы