Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Жапония дипломаттарымен жүздесті

821

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Токиоға жұмыс сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Токиода Жапония Сыртқы істер министрінің Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша арнайы өкілі Тагучи Сейчиро мырзамен және Еуропа істері бойынша бюро бас директорының орынбасары Тошихиро Аики мырзамен кездесті.


Екіжақты кездесулерде Д.Қыдырәлі Академияның қызметі, халықаралық байланыстары мен ғылыми жобалары жөнінде баяндады. Сонымен қатар, тараптар келешекте Күншығыс елінің ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастық орнату бойынша пікірлесті.

Кездесу соңында дипломаттар Академия жобаларына қолдау көрсетуге ықыласты екендіктерін білдірді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы