Жаңалықтар

Астанада Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының кезекті отырысы өтті

860

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) ұйытқы болуымен Астана қаласында Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының (ТӘҰҒАО) жалпы отырысы өтті.

Басқосуға TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Түркия Ғылым академиясының вице-президенті Ахмет Юрдусев, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Иса Габиббейли мен Татарстан Ғылым академиясының вице-президенті Дания Загидуллина қатысты.

Алқалы жиын барысында тараптар ТӘҰҒАО-ның биылғы жылы атқарған іс-шараларын пысықтап, келешек жобаларын талқылады. Одақ жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында түрлі ұсыныстар қарастырылды.


Сонымен бірге, қатысушылар 2018 жылы Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының төрағалығын Түркия ҒА тарапынан Әзербайжан ҰҒА-сына өткізу алғышарттарын мақұлдады. Кездесу нәтижесі бойынша арнайы хаттама қабылданды.


Айта кету керек, ТӘҰҒАО Түркі академиясының бастамасымен 2015 жылғы 29 маусымда Астанада құрылған. 2014 ж. 24-ші қарашада Бакуде өткен Білім министрлері кеңесінің шешіміне сәйкес негізі қаланған Одақтың негізгі мақсаты: түркі әлеміндегі ғылыми және зияткерлік ынтымақтастықты қолдау.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы