Жаңалықтар

Әзербайжан Премьері Академия жұмысын жоғары бағалады

118

Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Новруз Мәммедов Халықаралық Түркі академиясының жұмысына жоғары баға берді. Премьер-министр «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында TWESCO жұмысын атап өткен.

         Новруз Мәммедов сұхбатында Әзербайжан мен Қазақстан қарым-қатынастарына, қос мемлекет басшыларының салиқалы саясаттарына тоқтала келе түркі интеграциясы мәселесіне де назар аударыпты. Әзербайжан Үкіметінің басшысы түркі интеграциясының белді институттары мен құрылымдары 2009 жылы Нахчыванда өткен түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кездесуінде жасақталғанын атап өтті. Сонымен қатар, Премьер-министр Астанадағы Халықаралық Түркі академиясының атқарған жұмыстарына айырықша тоқталды. «Құрылған күн­нен бастап түркі тілдес халықтардың ғылы­мы, мәдениеті, тарихы мен әде­биетіне байланысты іргелі зерттеулер жүргізіп, құн­ды кітаптар жариялаған Түркі академия­сы өз қызметі арқылы бір-бірі­мізді жете тануымызға зор септі­гін тигізіп келеді»,-деді Новруз Мәммедов.

        Сонымен қатар, Әзербайжан Премьері Түркі кеңесінің VII саммиьі Әзербайжанда өтетінін, мұның өзі Нахчыван келісіміне қол қойылуының 10 жылдығымен тұспа-түс келетінін атап өтті. Әзербайжан үкіметінің басшысы өз елінің аталған саммитті жоғары деңгейде өткізуге бар күшін салатынын айтты.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы