Жаңалықтар

Әзербайжан Президенті әкімшілігінің басшысы TWESCO президентіне алғыс білдірді

789

Әзербайжан Республикасы Президенті әкімшілігінің жетекшісі Рамиз Мехтиев  Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәліге алғыс білдіріп, хат жолдады. Хатта әзербайжан халқының Түркі дүниесі ынтымақтастығының нығаюы бағытындағы қызметі мен жалпы алғанда Әзербайжанның табыстарын жоғары бағалағаны үшін Академия басшысына ризашылық білдірген.

«Біз, Сізді Түркі дүниесін сүйетін, түркі ынтымағы, білімі менн мәдениетінің дамуы, тарихи байланыстарының нығаюы, түркі халықтарының бай мәдениеті мен тарихының әлемге танылуы үшін жанын сала қызмет етіп келе жатқан азамат ретінде танимыз. Өзіңіз басқарып отырған Халықаралық Түркі академиясының қызметтері, ортақ түркі мәдениетінің танылуын қамтамасыз ететін оқулықтар, сонымен қатар Академияны құрған мемлекеттер тарихы, өткені мен келешегіне сәуле түсіретін көптеген ғылыми еңбектердің жариялануы бағытындағы жұмыстарға жоғары баға береміз. Былтыр Наурыз мерекесі қарсаңында Әзербайжан Республикасы Президенті Ильхам Әлиевтің шешімімен халықтарымыздың арасындағы достық пен ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесііз үшін «Достлуг» орденімен марапатталуыңыз бұл сөзімізне нақты айғақ болады»,-делінген хатта.

Сонымен бірге, хатта алдағы жылдарды Академияның жаңа әрі маңызды еңбектер жариялайтынына және теңдессіз   жобаларды   жүзеге асыратындығына зор сенім білдіретіндігі жазылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы