Жаңалықтар

Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Халықаралық Түркі академиясына келді

1640

Халықаралық Түркі академиясында Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадовпен Академия Басшысы Дархан Қыдырәлінің кездесуі өтті.

Кездесуде Әзербайжан Халық Республикасының 100 жылдығына байланысты іс-шаралар жоспары талқыланып, ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасылды.

Сонымен қатар Елші мырзаға Түркі академиясының басқа жобалары және ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткізілетін "Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан болашаққа түркі тілі" халықаралық форумы туралы мәлімет берілді.

Кездесуде екі жақ да ынтымақтастықты нығайтуға тілектестік білдірді.
Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы