Жаңалықтар

Жапон ғалымының лекциясы өтті

789

TWESCO-ның Түркі кітапханасында жапон ғалымы, Хоккайде университеті славян-еуразиялық зерттеу орталығының профессоры Уяма Томохиконың ғылыми лекциясы өтті. Шараға Академия президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі кеңесі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, алаштанушы және жапонтанушылар, өзге де ғалымдар мен масс-медиа өкілдері қатысты.  


Орта Азия елдері мен Жапонияның қарым-қатынастары жайында сөз болған лекция барысында жапон ғалымы Алашорда тақырыбына да тоқталды. Ғылыми ізденістері барысында Алашорда автономиясы, алаш қайраткерлері туралы бірқатар зерттеулер жасаған Уяма Томохико ХХ ғасырдың басында қазақ халқының арасында жапондарға қатысты өзгеше көзқарас қалыптасқанын атап өтті. Әсіресе, 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысынан кейін қазақ қауымы жапондарды мұсылман ел ретінде бағалаған аңыз тараған. Алаш қайраткерлері, соның ішінде Міржақып Дулатұлы, Мұхтар Әуезовтар Жапонияның артта қалған елден, өнеркәсібі дамыған, алпауыт елге айналуының сырына үңіліп көрмекке ұмтылса керек. Жапония мамандары эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқаймен де кездесіпті. Әрі сол кезде Жапонияның Азияға қатысты ұстанымы да айрықша болыпты. Лекцияда осы жағдайлар айтылды.

Сондай-ақ лекцияда Жапонияның Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға қатысты қазіргі саясаты да сөз болды. Лекция соңында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жапон ғалымына Академияның арнайы төсбелгісін тағып, ұйымның Алғыс хатын тапсырды.

 



фотолардың авторы: Ерлан ОМАРОВ



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы