Зикзал

Бұл аса құнды еңбек тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың қымбат жауһарларының бірінен саналады. Діни сауаты терең де салауатты, ислам қағидаттарын жетік меңгерген Бекасыл Биболатұлы бұл кітапты адам баласының танымын қалыптастыру мақсатында қазақы дүниетанымды исламның негіздерімен үйлестіріп жазған. Бұл еңбек – тағылымды, ғибратты мұра. Бүгінгі ұрпаққа кітапты игеру ислами ілімді терең меңгеруді талап етеді, оқырманына зор талап қоятын дүние. Кітаппен таныса отырып, Бекасыл әулиенің өмірдің тылсым сырлары мен құпияларына қатысты ислами ілімді терең меңгерген ғұлама екендігіне көз жеткізесіз!
Ғасырлар бойы ата-бабамызға рухани азық, өмір сүру қағидаты болған қасиетті ілімнен бүгінгі ұрпақтың алыстап, рухани дағдарысты кешу залалын түйсінгендей боламыз. Ислами руханияттың терең болғанын осы құнды еңбек арқылы оқырман көкірек көзімен сезіне алады. Рухани ілімді терең игерген жан ғана осындай құнды мұра жазары ақиқат. Бекасыл әулиенің Абай дананың, «Көкірек көзі ашылса, хақтың түсер сәулесі» дегеніндей, қасиетті ілімге деген құштарлығы мен зор даярлығы болғандығы арқасында жаратушының ықыласы түскен ғұлама екендігі байқалады.
Бекасыл Биболатұлы өз заманында ілімге ынтық зор ынта-жігерімен Сайрам, Қарнақ, Тәшкен, Самарқан медреселерінде, сосын Бұхар-и-Шарифтың «Мір-Араб» медресесінде рухани сусындап, Шам (Сирия) еліне барып, сол дәуірдің ғұламаларынан тәлім алған ерен ілім иесі болғаны анық. Бекасыл Биболатұлы туған жерінде медресе ашып, сол аймақтың балаларын оқытқан, шығармашылықпен айналысып, көптеген кітаптар жазған. Бізге әзірге жеткені тек – осы «Зикзал».
Еңбек негізінде шағатай тілінде жазылған және араб, парсы тілдері кеңінен қолданылған, тағы Түркі Қадимшенің сөздері де келтірілген. Кітаптың авторы Бекасыл Биболатұлының бұл тілдерді кәміл меңгергендігі және оларды шебер қолданғандығы анық байқалады, сондай-ақ ол осы тілдерде өлең де жазғандығының куәсі боламыз.
Мәшһүр-Жүсіптің бұл еңбекке қатысты сипаттама айта келіп: «Жеті жұрттың қамын жеп, жеті ұлттың тілімен өрілген дүниеде не жоқ дейсің, арабтың да, түрктің де, парсының да тілін ұғып, сөз маржаны түзілген дүние» деп баға бергені бекер емес. Өйткені, кітапта адам баласының күнделікті өміріне керекті барлық білім мен ілімдер қамтылған.
Осы күнге дейін – «Зикзал» кітабы сияқты ерекше тәсілмен жазылған аса күрделі де маңызды әрі шоқтығы биік шығарма қазақ топрағында бұрын болмаған. Бұл еңбектегі шешімдері мен әдіс-тәсілдері айтылған тақырыптар мен мәселелер қай дәуірде болса да өз құндылықтарын жоғалтпайды.
2018 жылы Астана қаласында Бекасыл әулие атындағы жеке қор құрылды.

Оның реквизиттері:
“Бекасыл әулие” жеке қоры,
БИН 180940015789,
ИИК KZ616010111000112921,
“Қазақстанның Халық банкі” АҚ,
БИК: HSBKKZKX.

КІТАПТЫ ОҚУ: Бірінші кітап, Екінші кітап

Кітапқа байланысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар үшін:
+77015187524 (Маржан)
Email: marzhan_x@mail.ru

Пікір білдіру / Хат жолдау

Close