Тарих

Түркі халықтарының жылқы мәдениеті

Тоқтабай Т. Түркі халықтарының жылқы мәдениеті: Монография

Түркі халықтарының ата-бабалары жылқыны қолға үйретіп, ат әбзелдерін ойлап тапқан, әлемге жылқы мәдениетін тарту еткен. Қазір әлемдегі бірталай мәдени жылқы тұқымдарының қалыптасуына (араб, ағылшынның таза қанды жылқысы, т.с.с.) түркі жылқыларының тікелей әсері бар. Түркі жылқыларының Отаны – қазақ жері, Сарыарқада 5-6 мың жыл бұрын өсіп-өнген жабы жылқысынан бастау алады. Кітапта тұңғыш рет түркі халықтары мен ұлыстарының жиырмаға жуық жылқы тұқымдарының шығу тегі, бітімі, шаруашылықтағы алатын орны т.б. қасиеттері мен ерекшеліктері сөз болады. Көптеген көне тарихи және қазіргі заманғы фотосуреттер зерттеудің мазмұнын байытып, маңызын арттыра түседі. Басылым түркі халықтарның тарихы мен мәдениетін білем деушілерге, атты қадірлеушілерге, жылқы өсірушілерге, ғылыми көпшілік қауымға арналған.

Close