Жаңалықтар

Академия басшысы Ясауи университінің ректорымен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркістан қаласындағы сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне арнайы барып, таяуда тағайындалған ректоры Жанар Темірбековамен кездесті.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі  Жанар Амангелдіқызын университет басшылығына тағайындауымен құттықтап, жауапты қызметте табысты болуына тілектестік білдірді.

Сонымен қатар тараптар түркі әлемінде ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, Түркі кеңесі саммитінде мемлекет басшылары көтерген бастамалар мен тапсырмаларды бірлесіп жүзеге асыру, түркі халықтарындағы тұғырлы тұлғалардың тағылымы мен мұраларын насихаттау, «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбы төңірегінде ортақ жобаларды қолға алу қатарлы мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында Академия басшысы Университет ректорына Түркі академиясы жарыққа шығарған бірқатар бағалы басылымдарды сыйға тартты.

 

Close