Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Қазақстан ғалымдарын кәсіби мерекесімен құттықтауы

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының ғылым саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, игі тілегін білдірді.

Құрметті ғылым саласының қызметкерлері!

Осы мерейлі күні қастерлі салада тер төгіп, еңбек етіп жүрген әріптестер мен ғылым жолына түскен барша мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!

Ғылымсыз даму жоқ. Жаһанды жайлаған пандемия да ғылым-білімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп берді.

Осы орайда, түбі бір туыс елдердегі зерттеу жұмыстарын үйлестіріп, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсуді көздейтін Халықаралық Түркі академиясы алдағы уақытта да туыс елдердің ғалымдары арасына дәнекер болып, бауырластық байланыстар мен бірлескен ізденістерді қолдай беретін болады.

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер!
Еңбектеріңіздің табысты болуына тілектестігімді білдіремін”.

Құрметпен,
Халықаралық Түркі академиясының президенті
Дархан Қыдырәлі

Close