Жаңалықтар

Бүгін Қырғыз Республикасы Конституция күні

Бүгін Қырғыз Республикасы Конституция күнін атап өтуде.

Осыған орай Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы бауырлас қырғыз халқын Конституция күнімен шын жүректен құттықтап, қарыштап дамыған елге ырыс пен ынтымақ, бірлік пен береке тілейді. Биыл егемендіктің 30 жылдығына қадам басқан Қырғыз Республикасының айбыны асқақтап, тәуелсіздігі тұғырлы бола берсін!

Айта кету керек, Қырғыз Республикасының Конституциясы Жоғары Кеңестiң XIІ сессиясында, 1993 жылғы 5 мамыр күні қабылданды. Биыл елдің негізгі заңына 28 жыл толып отыр.

Close