Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Қырғызстан елшілігіне барып көңіл айтты

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне арнайы барып, Төтенше және өкілетті Елші Жээнбек Кулубаевпен кездесті.

Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі Баткен облысындағы қайғылы оқиғада қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты. Сонымен қатар Академия басшысы жағдайдың бейбіт реттеліп, жарақат алғандардың тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Қырғыз Елшісі Жээнбек Кулубаев Түркі академиясының басшысына қырғыз халқына білдірген көңілі үшін ризашылығын жеткізді.

Close