Жаңалықтар

Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаты Ганира Пашаеваның Жапония туралы кітабының таныстырылымы өтті

Бүгін Әзербайжан Республикасы Милли Меджлистің Мәдениет Комитеті, Әзербайжан-Жапония Парламентаралық байланыс жөніндегі жұмыс тобы, Халықаралық Түрік Академиясы, Әзербайжанның Жапониядағы Елшілігі, Әзербайжан Жазушылар Одағы, Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің Губа филиалынының ұйымдастыруымен Милли Меджлистің Мәдениет Комитеті төрайымы, депутат Ганира Пашаеваның «Addim-addim Yaponiya» (Жапонияны қадам сайын тану) кітабының таныстырылымы өтті.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбай, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисі Мәдениет комитетінің төрайымы Ганира Пашаева, Әзербайжан Республикаснының Жапониядағы Төтенше және өкілетті елшісі Гюрсель Исмаилзаде, Жапонияның Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дзюнити Вада, Әзербайжан-Жапония Парламентаралық байланыстар жөніндегі жұмыс тобының төрайымы Амина Агазаде, Әзербайжан Жазушылар одағының хатшысы Рашад Меджид, Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің Губа филиалынының Юсуф Али Афшар, Милли Меджлис құқықтық саясат және мемлекеттік құрылым комитетінің мүшесі Вугар Искандеров, сонымен қатар, белгілі мемлкет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар қатысты.

Аталған шарада сөз сөйлеген Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбай ұйым басшысының құттықтауын жеткізіп, Академияның Жапония бағыты бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, конференцияның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Close