Жаңалықтар

Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

7 мамырда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Өзбекстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел көшбасшылар Жеңіс күніне және келе жатқан қасиетті Ораза айт мерекесіне орай құттықтауларымен алмасып, екі бауырлас халықтарға шын жүректен бейбітшілік, амандық және өркендеуді тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптап өзбек-қазақ көпжоспарлы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқылап, Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Елбасы мен Өзбекстан Президенті ғасырлар бойғы достықты, тату көршілікті, бауырлас халықтар арасындағы сенім мен серіктестікті нығайту мақсатында кең ауқымды және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Close