Жаңалықтар

Академия басшысы Өзбекстанның Халыққа білім беру министрінің бірінші орынбасарымен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Ташкент қаласына сапары барысында Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру  министрінің  бірінші орынбасары Усмон Шарифходжаевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар түбі бір түркі елдерінің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын нығайту жөнінде әңгімелесті. Академия басшысы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, алдағы уақытта атқарылатын ортақ жобалар жайында пікірлесті.

Өз кезегінде Усмон Шарифходжаев Академия басшысының арнайы сапарына ризашылығын білдіріп, ұйымның барлық бастамаларына қолдау білдіретінін атап өтті.

Close