Жаңалықтар

Академия президенті Өзбекстан Ұлттық археология орталығына барды

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Ташкент қаласында Өзбекстан Ұлттық археология орталығына арнайы барып, Фархад Максутов басшылық ететін ұжым ғалымдарымен кездесті.
Кездесу барысында Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Өзбекстанның талантты ғалымы, танымал түрколог, Халықаралық Түркі академиясының бұрынғы қызметкері, артынынан өшпес мұра қалдырған марқұм Андрей Кубатинды Академияның Алтын медалімен марапаттады. Арнайы марапат ғалымның жұбайы, түрколог Феруза Джуманиязоваға табыс етілді.

Close