Жаңалықтар

Түркі академиясы бауырлас елдердің БАҚ саласына арналған жиын ұйымдастырады

Құрметті әріптестер!

2021 жылдың 15 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық Түркі академиясы ХVII Еуразия медиафорумы аясында алғаш рет «Түркітілдес елдердегі БАҚ. Жаңа жағдайдағы ынтымақтастықтың дамуы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырады.

БАҚ саласындағы ауқымды шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия елдерінің танымал медиа-менеджерлері мен журналистер қатысады. Сондай-ақ, алқалы жиынға Мажарстан мен Тәжікстаннан арнайы қонақтар келеді.

Басқосу барысында БАҚ өкілдері түркітілдес елдердің масс-медиа саласындағы  танымал тұлғалармен тілдесуге мүмкіндік алады.  Аталған елдердің үздік медиа менеджерлері қазақстандық әріптестерімен қазіргідей ақпарат таратудың өзектілігі жағдайында  жұмыс істеу тәжірибелерімен бөліседі. Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру үдерісі туралы ойларын ортаға салады.

Close