Жаңалықтар

«Түркітілдес елдердегі БАҚ. Жаңа жағдайдағы ынтымақтастықтың дамуы» атты дөңгелек үстел отырысы басталды

ХVII Еуразия медиафорумы аясында Халықаралық Түркі академиясының алғаш ретұйымдастырып отырған «Түркітілдес елдердегі БАҚ. Жаңа жағдайдағы ынтымақтастықтың дамуы» атты дөңгелек үстел отырысы басталды.
БАҚ саласындағы ауқымды шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия елдерінің танымал медиа-менеджерлері мен журналистер қатысып отыр. Сондай-ақ, алқалы жиынға Мажарстан мен Тәжікстаннан арнайы қонақтар қатысуда.
Басқосу барысында БАҚ өкілдері түркітілдес елдердің масс-медиа саласындағы танымал тұлғалармен тілдесуге мүмкіндік алады. Аталған елдердің үздік медиа менеджерлері қазақстандық әріптестерімен қазіргідей ақпарат таратудың өзектілігі жағдайында жұмыс істеу тәжірибелерімен бөліседі. Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру үдерісі туралы ойларын ортаға салады.
Онлайн трансляция https://eamedia.org/en/ сайтында.
Close