Жаңалықтар

Академия басшысы “Орталық Азия әлемдік өркениеттер тоғысында” атты мәдени форумға қатысты

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Хиуа қаласында басталған “Орталық Азия әлемдік өркениеттер тоғысында” атты халықаралық мәдени форумның ашылу салтанатына қатысты.
Аталған шара Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің БҰҰ-ның 75-ші Бас Ассамблеясы мінберінде көтерген бастамасын іске асыру мақсатында өтуде. ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұйымдастырылып отырған форум 14-16 қыркүйек аралығын қамтиды.

Тарихи қаладағы басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ЮНЕСКО, ШЫҰ, ICOMOS, IССROM, ТЮРКСКОЙ халықаралық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ 50-ден астам елден жергілікті мәдени мұра, ғылым, өнер және басқа да салалар бойынша сарапшылар қатысуда.

Close