Жаңалықтар

Академия басшысы Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі тарихи Хиуа қаласына іссапары барысында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимовпен кездесті.

Кездесуде тараптар бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастық аясын арттыру жөнінде пікір алмасып, ғылыми интеграцияны тереңдетуге жол ашатын ортақ жобаларды талқылады.

Сонымен қатар, Академия басшысы Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрі Анар Керимовпен де арнайы жолығып, алдағы уақытта Әзербайжан еліне жасайтын сапар барысы туралы сөйлесті.

Close