Академия басшысы  Әзербайжан Президентінің көмекшісі  Хикмет Гаджиевпен кездесті

2022-06-19 13:29:14 15

18 маусымда Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Баку қаласына іссапар аясында  Әзербайжан Президентінің көмекшісі, Әзербайжан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Хикмет Гаджиевпен кездесті.

Кездесуде Д. Қыдырәлі ұйымның қызметі туралы толық ақпарат беріп, Әзербайжанның Академияға тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Х. Гаджиев Академияның жүзеге асырып жатқан жобаларын жоғары бағалап, Әзербайжан тарапы алдағы уақытта да қолдау көрсететінін жеткізді.

Тараптар сондай-ақ басқа да қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты.