Әзербайжан Халық жазушысы Анарға құрмет көрсетілді

2022-06-19 14:48:09 23

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Халық жазушысы, қоғам қайраткері, Әзербайжан Жазушылар одағының төрағасы  Анар Расул оглы Рзаевпен кездесті.

Кездесуде Академия басшысы Д. Қыдырәлі көрнекті жазушы Анарды Жазушылар Одағын 35 жыл басқарып, Түркі дүниесінің мәдени-әдеби байланысының нығаюына қосқан зор үлесі үшін Халықаралық Түркі академиясы тағайындаған Әлішер Науаи атындағы алтын медальмен марапаттады.

Сонымен қатар, Д. Қыдырәлі Анар мырзаға Әзербайжанда өткен І Түркі әлемінің әдебиет және кітап фестивалін жоғары деңгейде өтуіне көрсеткен қолдауы үшін ризашылышылығын білдірді.

Өз кезегінде, Анар Расул оглы Рзаев Түркі академиясының халықаралық аренадағы артып келе жатқан беделі мен абыройын айрықша атап өтіп, алдағы жұмыстарына толағай табыс пен сәттілік тіледі.