Түркі академиясында қазақ-түрік туыстық қатынастары жөнінде кездесу өтті

2022-06-21 21:24:19 26

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджи мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің өкілі, Қазақстан мен Түркия жұмыс тобының жетекшісі Айдос Сарым кездесу өткізді.

Мәртебелі қонақтарды Академия басшысы Дархан Қыдырәлі қарсы алып, ұйым ғимаратын бауырлас түркі елдер үшін маңызды мәселелерді талқылайтын платформа ретінде пайдалануын жақсы бастама екенін жеткізді.

Түркі академиясында өткен кездесуде Елші Уфук Экиджи мен депутат Айдос Сарым Қазақстан және Түркия арасындағы саяси, ғылыми-гуманитарлық қарым-қатынастар мен басқа да салалар бойынша пікір алмасты.

Кездесуге сонымен қатар Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджили де қатысты.