Академия басшысы Әзербайжан  Білім министрімен кездесті

2022-06-22 09:57:33 26

20 маусымда Әзербайжанға сапары аясында Халықаралық Түрік академиясының президенті Білім министрі Эмин Амруллаевпен кездесті.

Білім министрі Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге Түркі елдері арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын нығайтуға, ортақ оқулықтарды дайындауға, түркі әлемінің тұғырлы тұлғаларының, ақындар мен ойшылдардың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге, сондай-ақ олардың мұрасын соңғы 8 жылда көпшілікке насихаттауға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Академия басшысы ұйымның қызметі, іске асырылып жатқан жаңа жобалар туралы ақпарат беріп, ұйымның жұмысына тұрақты қолдау көрсеткен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі мен оның басшылығына ризашылығын білдірді.

Кездесуде сондай-ақ 2022 жылғы 24 маусымда өтетін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің 5-ші отырысына дайындық мәселелері талқыланды.