Академия басшысы Дархан Қыдырәлі «Даңқ» медалімен марапатталды

2022-06-25 18:37:45 77

Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысы аясында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың бұйрығымен Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі түркі халықтарының ғылыми-гуманитарлық интеграциясын нығайтуға, қырғыз-қазақ ғылыми-танымдық және ғылыми-гуманитарлық байланыстарын арттыруға қосқан зор үлесі үшін Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекеттік «Даңқ» медалімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев Президент атынан салтанаттты түрде табыстады.