Академия басшысы Моңғолияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

2022-07-27 11:42:10 7

25 шілде Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшіcі Доржийн Баярхүү мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайын талқылады.

Сонымен қатар, кездесуде Моңғолияда жоспарланған археологиялық қазба жұмыстары бойынша пікір алмасты.  

Кездесу соңында Елші мырза Академия жұмыстарына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытқа жоспарланған істерге сәттілік тілеп, Халықаралық моңғолтану конгресінің биыл Шыңғыс ханның 860 жылдығына орай ұйымдастырғалы отырған шарасына шақыру хатын табыс етті.