Түркі академиясының президенті Моңғолияның Қазақстандағы Елшіcі Доржийн Баярхүү кездесті

2022-07-29 11:54:21 24

27 шілдеде Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшіcі Доржийн Баярхүү мырзамен кездесті.

Моңғолияның Қазақстандағы Елшілігінде өткен кездесуде тараптар ғылыми ынтымақтастық бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайын талқылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта Академияның Моңғолия аумағында жоспарлаған археологиялық қазба жұмыстары  бойынша пікір алмасты. 

Елші Доржийн Баярхүү Халықаралық Түркі академиясының бауырлас елдер арасындағы байланысты және ғылыми интеграцияны нығайтуға бағытталған барлық бастамаларына Моңғолия тарапынан тұрақты қолдау жалғаса беретінін жеткізді.

Кездесу соңында Академия басшысы Д. Қыдырәді Елші мырзаның қабылдауына ризашылығын білдіріп, Түркі академиясы әзірлеген бірқатар ғылыми басылымдарды тарту етті.