Академия басшысы Мажарстанға іссапармен барды

2022-08-11 10:15:50 34

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі бастаған делегация іссапармен Мажарстан астанасы Будапешт қаласына барды.

Іссапар барысында Академия басшысы Будапешт қаласында өтетін Ахмет  Байтұрсынұлының 150 жылдығына және мажар түркологі Армин Вамбириге кітаптарының таныстырылымына арналған алқалы жиынға қатысады. Сонымен қатар, мажар Үкіметінің бірқатар лауазымды тұлғаларымен кездеседі.

Сондай-ақ, Академия басшысы 12-14 тамыз аралығында Бугац қаласында өтетін «Ғұн-Тұран»  құрылтайына қатысады.