Халықаралық Түркі академиясының Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты мәлімдемесі

2022-09-05 20:18:16 51

Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы Қазақстанның Қостанай облысында болған алапат орман өртінен қаза болғандардың туыс-туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдіреді.

Қайғылы оқиғаға байланысты Халықаралық Түркі академиясының ұжымы бір күндік жалақысын арнайы есепшотқа көмек ретінде аударды.

Айта кету керек, Қостанай облысында орман өртіне байланысты жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды.