Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешені мен жазуы жөнінде онлайн сұхбат өтті

2022-09-08 00:58:50 20

Бүгін Түріктану бойынша виртуалды кездесулер (TÜSAT) платформасында Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының Моңғолияда жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешені мен жазуы жөнінде онлайн сұхбат өтті.

Сұхбатқа Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Фузули Маджидли, Түркі академиясының ғылыми қызметкері Напил Базылхан, Түркияның көрнекті түркологі, профессор Ахмет Бикан Эрджиласун қатысып, баяндама жасады.

Басқосуға Мичиган университетінің профессоры Тимур Кожаоглу, белгілі тарихшы Тимур Кожаоглу модераторлық етті.

Жиын барысында Ф. Маджидли Халықаралық Түркі академиясының Моңғолияда жүргізіп жатқан зерттеу жұмыстарына тоқталып, биылғы «Номгон-2022» бірлескен экспедициясының Құтлық Елтеріс қағанға арналған ескерткіш кешенін туралы берді. Сонымен қатар экспедиция мүшелері ашқан тың жаңалыққа қатысты Академияның алдағы жоспарларымен бөлісті.

Археолог Н. Базылхан көрермендерге жаңадан ашылған ескерткіштің ерекшеліктерін сипаттап, жазу мәтінінің аудармасын таныстырды.

Жиынға арнайы қатысқан профессор Ахмет Бикан Эрджиласун Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының еңбегін жоғары бағалап, алдағы зерттеу жұмыстарының табысты болуына тілектестік білдірді.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар:

https://www.youtube.com/watch?v=tIjvOZ0Opss