Халықаралық Түркі академиясының әзербайжан-армян шекарасындағы қақтығыстарға байланысты мәлімдемесі

2022-09-14 22:59:21 65

Халықаралық Түркі академиясы Әзербайжан-Армения мемлекеттік шекарасы маңындағы Дашкасан, Келбаджар және Лачын аумақтарында армян қарулы күштерінің адамдардың шығыны мен жарақат алуына соқтырған арандатушылық әрекеттерін қатаң айыптайды және алаңдаушылық білдіреді.

Түркі академиясы бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығы мен оның халықаралық деңгейде мойындалған шекараларының мызғымастығын табанды түрде қолдайтынын жеткізіп, тұрақты бейбітшілік жолында Әзербайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге күш салудың маңызды екенін атап өтеді.

Сонымен қатар, академия Әзербайжан халқына және қаза тапқандардың туысқандары мен барша жақындарына көңіл айтып, жараланғандарға тезірек сауығып кетуін тілейді.