Түрік академиясы президентінің м.а. Ф. Маджидли Қырғызстанның Қазақстандағы Елшілігіне көңіл айтты

2022-09-19 23:31:17 91

Бүгін, 19 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қырғызстанда ұлттық аза тұту күнін жариялауына байланысты Халықаралық Түрік академиясы президентінің міндетін атқарушы Физули Маджидли Қазақстандағы Қырғыз Елшілігіне барды.

Елшілікке арнайы барған Физули Маджидли Қырғыз Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Дастан Дүйшекеевке Баткен облысындағы қайғылы оқиғада қаза тапқандар үшін көңіл айтып, Көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Осы орайда Академия президентінің м.а.  аймақта тұрақтылық орнайтынына сенім білдіріп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Өз кезегінде Елші Дастан Дүйшекеев Физули Маджидлиге қырғыз халқына білдірген көңілі үшін ризашылығын жеткізді.