29 қыркүйекте Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды.
Ойындардың ашылу салтанатына Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, сондай-ақ бауырлас елдерден келген делегациялар қатысты.
Салтанатты шара түркі әлемі мен көшпенділер мәдениетіне арналған театрландырылған шоуға ұласты. Өнерпаздар түркі әлемі елдерінің шығармашылық және би ұжымдары өнер көрсетті.
Ойынға 102 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысуда. Олар күрес (алыш, аба гүреш, майлы күрес, пахливан күресі, қазақша күрес, шалбар күрес, мас-рестлинг), ат спорты (қөкбөрү, көкпар) және садақ ату (дәстүрлі, алыс қашықтық, ат спорты) сияқты спорт түрлерінен бақ сынайды. Ойындар 2022 жылдың 29 қыркүйек - 2 қазан аралығында өтеді.
Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Физули Мәжидли бастаған ғалымдар делегациясы Түркияға іссапар аясында Изникте барып, шараның құрметті қонақ ретінде қатысты.
Айта кетейік, Бірінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2014 жылдың 9-14 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстықкөлдің жағалауындағы Чолпон-Ата қаласында өткен болатын. Бағдарламада спорттың 10 түрінен жарыстар өтті.
Бірақ Ойындардың халықаралық танымалдылығының артуына байланысты 2016 жылдың 3-8 қыркүйек аралығында өткен ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Жарысқа қатысушылар тағы да Чолпон-Атада бас қосты.
2018 жылы ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар Ыстықкөл жағалауына қайта жиналды.
2020 жылы Ойындар алғаш рет Қырғызстаннан тыс жерде – Түркияда өтуі керек еді. Алайда коронавирустық пандемияға байланысты шара екі жылға кейінге шегерілді.
Биыл IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары «Бірлік пен дәстүрді сақтай отырып, болашаққа үмітпен қараймыз!» ұранымен өтуде.
Ойын Түркияның солтүстік-батысындағы Изник аймағындағы 2 қазанға дейін жалғасады.