Академия қызметкері  Моңғолияның «Достық» орденімен марапатталды

2022-10-12 21:55:12 67

Бүгін Моңғолияның Қазақстандағы елшілінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара  ұйымдастырлып, бірқатар Қазақстан азаматтарын марапаттау рәсімі өтті.

Шара аясында Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері, ғалым Ақеділ Тойшанұлы Моңғолия Президентінің Жарлығымен «Достық» орденімен марапатталды. Аталған марапатты Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Саянбуян Амарсайхан табыстады.

«Моңғолия мен Қазақстанның ынтымақтастығының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Халықаралық Түркі академиясының сарапшысы, ғалым Ақеділ Тойшанұлы Моңғолияның «Достық» орденімен марапатталсын. Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің №124 Жарлығы Ұланбатыр қаласы, 2022 жылғы шілде» – делінген Жарлықта.

Марапаттау салтанатына Моңғолиядан арнайы келген Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Саянбуян Амарсайхан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және екі елдің тиісті мекеме қызметкерлі қатысты.

Айта кету керек, Ақеділ Тойшанұлы – этнограф, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени өкіл. Халықаралық Түркі академиясында сарапшы, академияның Моңғолияда жүзеге асырып жатқан жұмыстарын жан-жақты саралап, үйлестірумен айналысып келеді.