Түркі академиясының президенті Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысымен кездесті

2022-12-19 20:03:01 30

2022 жылғы 19 желтоқсанда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевпен кездесті.

ТМҰ Бас хатшысы К. Омуралиев Астана сапары аясында Академия ғимаратына арнайы келіп, Түркі музейі мен кітапханасын аралап, ұйымның атқарып жатқан жұмыстармен танысты.

Кездесу барысында тараптар Түркі әлемінің өзекті мәселелері мен қанаттас ұйымдардың күн тәртібінде тұрған маңызды жұмыстарды талқылап, алдағы іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.

Академия басшысы Ш. Мустафаев ТМҰ Бас хатшысы К. Омуралиевті жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына  табыс тіледі.

Өз кезегінде Бас хатшы К. Омуралиев те жаңадан тағайындалған Ш. Мустафаевтың жауапты қызметіне сәттілік тілеп, қонақжай қабылдауы үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар  Бас хатшы ұйымның түркі әлемінің ғылыми интеграциясы бағытындағы жұмысын жоғары бағалап, баянды бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді.

Кездесу соңында Ш. Мустафаев Академияға арнайы келген мәртебелі мейманға  алғас айтып, ұйым басып шығарған бағалы кітаптарды тарту етті.