Астанада Бірінші Орталық Азия медиафорумы басталды

2022-12-20 21:19:39 23

2022 жылғы 20 желтоқсанда Астанада Түркі академиясының қолдауымен Бірінші Орталық Азия медиафорумы өз жұмысын бастады. Форумды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды.

Іс-шараға 100-ден астам шақырылған спикерлер қатысуда. Атап айтқанда, мәртебелі меймандар қатарында әлемге әйгілі Пулитцер сыйлығының лауреаттары, әлемге танымал ғалымдар, саясаткерлер, журналистер, беделді сарапшылар мен медиа саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Форум ынтымақтастық үшін бірегей алаңға айнала отырып, Орталық Азия елдері үшін бірыңғай медиа кеңістік құруға ниетті.

Екі күн ішінде танымал сарапшылар медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды және осы саладағы өз бақылаулары мен үздік тәжірибелерімен бөліседі.

Ертең форум аясында Түркі академиясының президенті Ш.Мустафаевтың модераторлығымен "Халықаралық ұйымдар – ынтымақтастық көпірі" тақырыбында панельдік сессия өтеді.

Сессияда түркі мемлекеттері ұйымының бірінші Бас хатшысы Халил Ақынжы, түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі мәдениеті және мирас қорының президенті Гүнай Эфендиева, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай сөз сөйлейді.