Академия басшысы Халықаралық Түркі мәдениеті және мирас қорының президентімен кездесті

2022-12-22 03:45:27 26

21 желтоқсанда Халықаралық Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Халықаралық Түркі мәдениеті және мирас қорының президенті Гүнай Эфендиевамен кездесті.

Астанадағы іссапар аясында Қор президенті Түркі Академиясының ғимаратына арнайы келіп, ұйымның жұмысымен танысты. Сонымен қатар, ол Түркі музейі мен кітапханасын аралап көрді.

Кездесу барысында тараптар Түркі академиясы мен Қор арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдарын, сондай-ақ алдағы уақытта бірлесіп жүзеге асыратын жобаларды талқылады.

Қор президенті Г.Эфендиева Ш. Мустафаевты Түркі академиясының президенті болып тағайындалуымен құттықтап, жаңа жауапты қызметіне табыс тіледі.

Өз кезегінде Академия басшысы Ш. Мустафаев Г. Эфендиеваға құттықтауы үшін ризашылығын білдіріп, әріптестік аясындағы жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.

Кездесу соңында қос тарап бір-бірімен естелік сыйлық алмасты.