Академия президенті Әзербайжанның алғашқы Премьер-министрі Гасан Гасановпен кездесті

2022-12-22 18:54:31 35

Бүгін Түркі академиясына Әзербайжан Республикасының алғашқы Премьер-министрі Гасан Гасанов арнайы келіп, ұйым басшысы Шаһин Мустафаевпен кездесті. 

Мәртебелі мейман алдымен Түркі академиясының музейін аралап көрді. 
Академия басшысы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, ұйымның алдағы бағыт-бағдары жөнінде баяндап берді. Сонымен қатар, тараптар ғылыми жобалар туралы пікірлесті.

Өз кезегінде Г.Гасанов Академия президентінің қызметіне сәттілік тілеп, қонақжай қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.