ТМҰ алғашқы бас хатшысы Түркі академиясына келді

2022-12-23 11:26:14 43

2022 жылғы 22 желтоқсанда Түркі академиясына Түркі мемлекеттері ұйымының алғашқы бас хатшысы Халил Ақынжы ұйым басшысы Шаһин Мустафаевпен кездесті. 

Мәртебелі мейман Академияға арнайы келіп, Түркі музейі мен кітапхана қорымен танысты.

Кездесу барысында тараптар Түркі әлемінің өзекті мәселелері мен қанаттас ұйымдардың күн тәртібінде тұрған басты мақсаттары туралы пікір алмасты.

Ш. Мустафаев Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы бағыт-бағдары жөнінде ақпарат берді.

Өз кезегінде Х. Акынжы түркі елдерінің интеграциялық процесінде Түркі академиясының орны мен қызметінің аса маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол Академия басшысының жауапты қызметіне сәттілік тілеп, қонақжай қабылдауы үшін ризашылығын білдірді.