10 қаңтарда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті.
Кездесуде тараптар түркі елдері ынтымақтастығы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарлар туралы пікірлесті. Сондай-ақ атаулы даталар бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуге және ортақ ғылыми жобаларды жүзеген асыруға уағдаласты. Атап айтқанда, Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтың 100 жылдығын атап өту жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында Елші А.Атамогланов Ш.Мустафаевтың Түркі академиясындағы басшылық қызметіне толайым табыстар тілеп, ұйымның бастамаларына қолдау көрсететінін айтты.
Өз кезегінде Ш. Мустафаев жылы қабылдауы үшін Елші мырзаға ризашылығын білдіріп, әріптестік қарым-қатынастын жалғасатынын жеткізді.