12 қаңтарда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.
Екі жақты кездесуде тараптар бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасып, алдағы атқарыларын жұмыстар жөнінде пікірлесті.
Ш. Мустафаев биыл Академияның түркі әлемі бойынша жүзеге асыратын ортақ іс-шаралар мен ғылыми жобалар туралы ақпарат беріп, аталған бастамаға Өзбекстан тарапын да белсенді қатысуға шақырды.
Бұдан бөлек тараптар әріптестік байланысты одан әрі нығайта түсуге уағдаласып, Өзбекстаның Түркі академиясына толыққанды мүше болуы туралы пікір алмасты.
Өз кезегінде Саидикрам Ниязходжаев Академия басшысының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірлесіп атқаратын жобаларға қолдау көрсететінін жеткізді.
Айта кету керек, Өзбекстан Республикасы 2022 жылдан бастап Түркі академиясына бақылаушы мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар, Академия бірқатар өзбекстандық ғылыми және білім беру ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар жасасып, әріптестік байланыстарды тереңдете түсуде.