Түркі академиясы мен Түрік тарихы қоғамының арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

2023-01-17 15:16:41 56

16 қаңтарда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түрік тарихы қоғамының төрағасы Бирол Четинмен кездесті.

Екі жақты кездесуде ұйымдар арасындағы тұрақты әріптестік байланыс орнату мәселелері талқыланды.  

Академия басшысы Ш. Мустафаев ұйымның мақсаты мен қызметі туралы кеңінен мәлімет беріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылап, түркі халықтарының тарих зерттеу мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өз кезегінде Б. Четин Түркі академиясынмен бастамаларына қызығушылық танытып, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында қос тарап бір-бірімен естелік сыйлық алмасты.

Айта кету керек, Академия басшысы Түркі мемлекеттері Ұйымының Хатшылығының ұйымдастыруымен өтетін Үйлестіру кеңесіне қатысу үшін Түркия Республикасына ресми іссапармен барды.