Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Академия басшысын қабылдады

2023-01-18 17:12:42 41

17 қаңтарда  Анкара қаласында Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоптың қабылдауында болды.

Кездесуде тараптар түркі әлеміндегі ғылым-білім саласында ынтымақтастықты тереңдету жолдары туралы пікір алмасты.

Академия басшысы 2023 жылғы маңызды жоспарлармен бөлісіп, ұйымның алдағы бағыт-бағдары жөнінде ақпарат берді.

Парламент төрағасы М. Шентоп Академияның өзіне жүктелген түркі әлемінің тарихы мен мәдениетін, тілі мен әдебиетін зерттеуге арналған жемісті ғылыми жұмыстарына жоғары баға берді.

Сонымен қатар ол Түркі академиясының жүйелі ғылыми жұмыстары жалғасын табатынына, ұйымның білім және ғылым салаларында мол табыстарға қол жеткізіп, халықаралық қауымдастықта лайықты орнын алатынына сенімін білдірді.

Айта кету керек, Академия басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығының ұйымдастыруымен өтетін Үйлестіру кеңесіннің отырысына қатысу үшін Түркия Республикасына ресми іссапармен барды.